Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Петропавл қаласында Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жөнiнде семинар-тренинг өткiзiлдi

02.10.2017

2 қазанда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кiтапхананың конференц-залында Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы Бағдарламалар кеңсесiмен бiрге ұйымдастырған «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетiктерi» атты семинар-трениг өттi.

Оқыту семинарына қатысқандар: ҮЕҰ, БАҚ, мемлекеттiк, құқық қорғау органдарының өкiлдерi, Петропавл қаласының жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң, жастар ұйымдарының әкiмшiлiгi.

Облыс әкiмiнiң орынбасары Д. Жандарбек, ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар кеңсесiнiң басшысы, елшi Дьерд Сабо құттықтап, сөз сөйледi.

Спикерлер: Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия хатшысы Т.Д. Әбiшев, Комиссия сарапшысы, заң ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Азаматтық және экологиялық құқық кафедрасының профессоры С.Б. Жаркенова, Комиссия мүшесi, «Медиалайф» қоғамдық қорының директоры О.А. Волкова.

Семинарда Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссияның және басқа да ұлттық құқық қорғау институттары қызметiнiң негiзгi бағыттары, халықаралық адам құқықтарын қорғау жүйесi, Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексiн қабылдаумен байланысты заңнамадағы жавңалықтар, сондай-ақ адамның ақпарат алуға құқығын қамтамасыз етудiң халықаралық стандарттары.

Семинар барысында интерактивтi диалог жасалды, онда аудиторияның қызығушылығын тудырған барлық сауалдарға жауап берiлдi.

Iс-шараға 75 адам қатысты. Семинардың барлық қатысушылары жұмыста пайдалану үшiн үлестiрме материал алды.


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімE-islamҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Яндекс.Метрика