Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

Басқарманың миссиясы, негiзгi мақсаттары, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

1. Басқарманың миссиясы дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру болып табылады.

2. Басқарманың негiзгi мақсаттары:

  1. азаматтардың дiни сенiм бостандығына және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасауға, құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыру мен iске асыру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
  2. азаматтардың дiни сенiм бостандығына, дiни бiрлестiктердiң және миссионерлердiң қызметiне құқықтарын iске асыру саласында болып жатқан үдерiстердi жан-жақты және объективтi зерделеу, қорытындылау және талдау;
  3. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен Басқармаға жүктелген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру болып табылады.

3. Басқарманың қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген мақсаттарға сәйкес келесi функцияларды жүзеге асырады:

  1. өңiрдегi дiни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргiзедi;
  2. уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
  3. дiни қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
  4. құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
  5. Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарайды;
  6. өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша жергiлiктi деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
  7. дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiтедi, сондай-ақ ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде дiни iс-шаралар өткiзуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келiседi;
  8. ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм қабылдайды;
  9. дiни бiрлестiктердi құруға бастамашы азаматтардың тiзiмдерiне тексеру жүргiзудi қамтамасыз етедi;
  10. миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамдарды тiркеудi жүргiзедi;
  11. жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

4. Басқарманың өзiне жүктелген мақсаттарды, мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:

  • мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұрауға және алуға;
  • дiни бiрлестiктердi құру және олардың қызметi, сондай-ақ азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу бойынша ұсыныстар енгiзуге;
  • өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасауға;
  • Басқарманың құзiретiне кiретiн мәселелер бойынша мәжiлiстер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткiзуге;
  • қызметтiң бағыттары бойынша консультативтiк-кеңесшi органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құруға;
  • Қазақстан Республикасы заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асыруға құқығы бар.

Байланыстар

150007, Петропавл қаласы, Парковая көшесi 57 «В», 4 қабат, 416 кабинет

Телефондар:

  • Қабылдау бөлмесi — 53-42-67
  • Дiни бiрлестiктермен жұмыс жөнiндегi бөлiм — 34-01-89
  • Дiни экстремизм мен терроризмдi алдын алу бөлiмi— 50-36-52
  • Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлiмi — 53-42-67
  • Бухгалтерия — 50-37-71
  • Персоналды басқару қызметi — 34-01-89

Электрондық пошта: udr@sko.kz

Сенім телефоны

«Солтүстiк Қазақстан облысының дiн iстерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнде басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы және мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiн бұзуы фактiлерi туралы хабарлау үшiн 53-42-67 сенiм телефоны тұрақты негiзде жұмыс iстейдi (жауапты тұлға — Ғаббасова Жанна Бейсенбекқызы).

«СҚО дiн iстерi басқармасының «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi «Конфессияаралық және этносаралық қарым-қатынастарды зерттеу орталығы» қоғамдық бiрлестiгiмен бiрлесiп Солтүстiк Қазақстан облысы азаматтарынан дiн саласына қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдау, сондай-ақ психологиялық, заңи және ақпараттық кеңес беру үшiн сенiм телефонын ұйымдастырды.

«Сенiм телефоны» 8 (715) 2 50-44-58 

Сенiм телефонының жұмыс iстеу кестесi дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.

Қоңырау шалыңыз, егер:

  • Сiзде дiн бойынша мәселе туындаса
  • Сiздi дiни бiрлестiктердiң қызметi толғандырса
  • Сiзде дiнге қатысты күрделi тұрмыстық жағдай туындаса әрi сiзге кеңес қажет болса
  • Сiз орын алған дiни жоралғылардың заңдылығына күмәндансаңыз
  • Сiзге дiндi олардың айтқанынан танып-бiлудi ұсынатын ығыр қылатын адамдарға тап болсаңыз
  • Сiз дiни мазмұндағы әдебиеттiң таратылуымен соқтықсаңыз
  • Сiз айналаңыздағыларға деструктивтi ықпалды байқасаңыз

Сондай-ақ Сiз «Қауырт желi-114» ақпараттық-консультациялық орталыққа жүгiне аласыз

Қоңырау шалыңыз, егер:

  • Сiзге және Сiздiң туыстарыңызға түсiнiксiз дiни идеяларды таңса;
  • Сiзге күмәндi дiни кiтаптар, журналдар, кiтапшалар, үнпарақтар таратылуы туралы аян болса, соның iшiнде көшелерде, кiреберiстерде, пәтерлерде, көлiкте;
  • Сiзбен және Сiздiң туыстарыңызбен дiни тақырыпта күмәндi үгiт жүргiзуге талпынса;
  • Сiзге және Сiздiң туыстарыңызға дiни жоралғылар мен iс-шараларға қатысуды ұсынып, мазаңызды алса;
  • Сiздi дiни сипаттағы күмәндi жиналыстар мазаласа;
  • Сiз және Сiздiң туыстарыңыз күмәндi адамдар не дiни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түссеңiз;
  • Сiз және Сiздiң туыстарыңыз дiни сипаттағы проблемалар үшiн күрделi тұрмыстық жағдайға душар болсаңыз;
  • Сiз және Сiздiң туыстарыңыз дiн саласындағы мамандардың кеңесi мен көмегiне мұқтаж болса.

21.08.2017 14:17

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімE-islamҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Яндекс.Метрика