Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма қызметі || Дінтанушыларды оқыту

Дінтанушыларды оқыту

ҚМДБ оқу орындары

«Нұр» Қазақ-Египет ислам университетi Қазақстандағы жоғары бiлiмдi имамдар, исламтанушылар дайындайтын бiрегей оқу орны.

Сондай-ақ ол заман талабына лайық дiнтанушылар, араб тiлi мен әдебиетiнiң оқытушыларын, аудармашылар, аймақтанушылар да даярлайды. Оқу орнын салу 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың Египетке сапары кезiнде — екi мемлекет президенттерiнiң кездесуiнде келiсiлген. Ол үшiн Алматыдан 6 гектар жер бөлiндi. 1993 жылы 16 маусымда Н.Назарбаев пен Египет Араб Республикасы Уақыфтар министрi Мұхаммед әл-Махжубтың университет қалашығының iрге тасын қалау рәсiмi өттi. Екi ел басшыларының қолдауымен дүниеге келгендiктен оқу орны Нұр-Мүбарак университетi деп аталды. Әйтсе де бiрiншi кезеңi бiткенiмен есiгiне құлып салынып, бiраз жыл тұрып қалды.

2000 жылы Қазақстан мұсылмандарының III құрылтайы қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев шейх Әбсаттар қажы Дербiсәлiнi қабылдады. Қабылдауда ол республикамызда дiн мамандарын дайындау қажеттiгiн алға тарта отырып, университет құрылысының 1 кезеңi бiткенiн, соған байланысты «Нұр» Қазақстан-Египет университетi ҚМДБ-ға беруге көмектесу туралы өтiнiшiн жеткiздi. Президент өтiнiштi түсiнiстiкпен қабылдап, Мысырға арнаулы үкiмет делегациясын жiбердi. Келiссөз нәтижесiнде Мысыр елi университеттi дiни басқармаға беруге және университет құрылысының 2 кезеңiн де салуға келiсiм бердi.

Сөйтiп «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетi — Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасының үкiметтерi арасындағы келiсiмге сай ашылды. Келiсiм ҚР Парламентiнде ратификацияланып, 2003 жылдың 2 шiлдесiнде Президент Н.Ә. Назарбаевтың №460-11 ҚРЗ өкiмiмен бекiтiлген соң Заңды күшiне ендi.

Келiсiмдi Египет Араб Республикасының алдынғы президентi Мұхаммед Хұсни Мүбарак та 2003 жылы өзiнiң №215 бұйрығымен бекiттi.

Оқу орнына ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң лицензиясы берiлген. Мемлекеттiк аттестаттаудан өткен.

Университет Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан. Онда зәулiм мешiт, мәжiлiс залы, дәрiсханалар, компьютер, лингофон кабинеттерi, бай кiтап қоры бар кiтапхана жұмыс iстейдi. Қалашықта келешекте бiрнеше оқу корпустары, жатақханалар, спорт кешенiн салу жоспарлануда. Бiлiм ордасында республикамыздың белгiлi профессор-оқытушыларымен қатар, Египеттiң де көрнектi ғалымдары, бiлiктi исламтанушы, араб филологиясының мамандары дәрiс бередi.

Екi мемлекеттiң үкiметаралық келiсiмiне сәйкес құрылған Қамқоршылар алқасы шешiмiмен университет жарғысы бекiтiлiп, 2001 жылдың 1 қыркүйегiнен сабақты бастау туралы шешiм қабылданды.

Оқу орны ҚР-ның заңдары, екi ел үкiметтерiнiң университетке байланысты келiсiмi және өз жарғысы негiзiнде жұмыс iстейдi.

Оған жалпы басшылық ету мен қызметiн үйлестiретiн Қамқоршылар кеңесiнiң құзiретiне қаржы мәселесiн шешу, мәдени, бiлiм беру жүйесi саясатын қалыптастыру кiредi.

Республикалық имамдардың бiлiмiн жетiлдiру ислам институты

Елiмiз және ТМД аумағы бойынша да үлкендi-кiшiлi мешiттерде қызмет етiп жатқан имамдардың бiлiмiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх, профессор Әбсаттар қажы Дербiсәлiнiң идеясы және ұйымдастыруымен ашылған.

Бүгiндерi көптеген имамдар бiлiм жетiлдiруге құштар. Алайда, олардың басым көпшiлiгi түрлi себептерге байланысты дiттеген мақсаттарына жете бермейдi. Осы мәселеге байланысты Бас мүфти имамдардың бiлiмiн жетiлдiрудiң жеңiлдетiлген жолын қарастырып, бiлiмдi толықтырудың жаңа әдiстемесiн жасады.

Алла тағаланың елшiсi (с.ғ.с.) өзiнiң iлiмге байланысты бiр хадисiнде:

«Бiлiм iздену әрбiр мұсылман мен муслиманың мiндетi», — деген. Иә, шын мәнiнде әрбiр мұсылманға бiлiм алу парыз. Бiрақ соған сай iлiмдi болуы мiндеттi. Себебi намаз толыққанды орындалуы керек. Ал уәжiпке келетiн болсақ, ол да парызды орындағандай орындалуы қажет.

Республикалық имамдардың бiлiмiн жетiлдiру институты жан-жақты ойластырылып ашылған. Институт басшысының күш салуының арқасында аталған оқу орны, өзiнiң өмiршеңдiгiн көрсеттi. Ол жерден имамдар ақида, ислам, ихсан, ғибадат, тәжуид, ахлақ т.б. пәндер бойынша бiлiмдерiн көтеруде.

Оқу орнына Ислам даму банкiсi қаржылық қолдау көрсеттi. Институт 2002 жылы 10 сәуiрде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде №474-1900 ДБ нөмiрiмен «Жоғарғы мамандық бiлiм мекемесi» ретiнде тiркелген.

Институтта жылына екi топ дәрiс алады: бiрiншiсiнiң оқу мерзiмi қыркүйектен қаңтарға дейiн, екiншi топ қаңтар мен мамыр айлары аралығында оқиды.

Пәндер қазақ және араб тiлiнде оқытылады. Институтта ғылым докторлары, кандидаттар мен жоғары бiлiмдi мұғалiм, ұстаздар дәрiс бередi. Институт ректоры филология ғылымдарының докторы елiмiздегi белгiлi дiнтанушы, ғалым шейху-л Ислам Мұхаммад Хусайн қажы Алсабеков.

Оқу орнында түркиялық және мысырлық та мамандар қызмет етуде. Институттың мақсаты — Қазақстан және басқа да көршiлес мемлекеттерден дәрiс алуға келген имамдардың бiлiм деңгейiн көтерiп, кәсiби шеберлiгiн арттыру арқылы имам атына сай ел құрметтейтiн кадрлар дайындау. Осы мүдденi iске асыруда институтта оқушылар үшiн толық жағдай жасалған. Компьютерлермен жабдықталған кең аудиториямен қатар, оқу талабына сай дiни әдебиеттер жинақталған кiтапхана, 80 адамдық намазхана және асхана бар.

2002-2011 жылдар аралығында Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен келген 960-тан астам имамдар институтта оқуларын тамамдап, «имам — хатиб» мамандықтары бойынша бiлiмдерiн жетiлдiрдi.

Тыңдаушыларға мемлекеттiк үлгiдегi куәлiк (шаһада) берiледi. Институт түлектерi басқа да дiни оқу орындарына түсе алады.

Ықылас қарилар дайындау орталығы

Қазiргi таңдағы орталық әуел баста Оңтүстiк Қазақстан облыстық Әдiлет басқармасына «Ықылас» жастар қоғамдық бiрлестiгi болып тiркелдi. Шымкет қаласында 1997-шi жылдан бастап қызмет көрсетiп келедi. 2000 жылдан 2012 желтоқсан айына дейiн ОҚО «Дар аль-Арқам» атындағы Құран Кәрiм оқып үйрену орталығы болып жүздеген қарилар шығарды. Кәзiргi таңда сол шәкiрттер Республиканың барлық қалаларында имам, наиб имам, медресе, мектептерде ұстаз және басқада салаларда қызмет атқарып жүр.

Дар аль-Арқам Құран Кәрiм оқып үйрену орталығы 2010 жыл жаз мезгiлiнен бастап жаңа ғиаратқа ауысты. Әр жылы жаз айында жазғы сауат ашу курсы, ал жыл бойы мектеп, колледж, университет оқушыларын тәрбиелейдi, және қабылетi бар балдарды Қарилыққа дайындайды.

Орталығымыз 2013 жылғы көктемнен бастап ҚМДБ-ның қарамағына «Ықылас» Қарилар Дайындау Орталығы болып тiркелдi .

Орталық барлық техникалық базамен яғни: 3 сынып, 4 жатақхана, 100 кiсiлiк асхана, компютер бөлмесi, кiтапхана және актовый залмен қамтамасыз етiлген.

Қарилар орталығына түскiсi келетiн үмiткерлерге қойылар талаптар:

  1. Директор атына жазылған өтiнiш
  2. Облыс, аудан имамының ұсынысы (мiнездеме түрiнде)
  3. Өмiрбаяны (талапкердiң өз қолымен жазылуы тиiс)
  4. Орта бiлiмi туралы аттестаты (түпнұсқасы)
  5. Көлемi 4х5 сурет (6 дана)
  6. Жеке куәлiгiнiң (көшiрмесi)
  7. 086-У үлгiдегi дәргерлiк анықтама
  8. РНН (көшiрмесi)
  9. Сотталмағандығы туралы анықтама
  10. Талапкердiң жасы 25-тен аспауы тиiс

«Сарыағаш» медресесi

Медресе ашылғаннан кейiн тиiстi құжаттардың бәрi толықтай реттелiп, 2013 жылы 9 қаңтарда Әдiлет министрлiгiнен ресми түрде тiркеуден өтiп, №1112-1958-12-ЖМ-е ресми тiркеу куәлiгi берiлдi. «Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi — БСН 130140003380. ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi: лицензия № 13013559

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң «Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы» РМҚК-ның Сарыағаш филиалында әзiрленген.

Кадастрлық нөмiрi: 19:296:069:103

Медресе Оңтүстiк Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елдi-мекенi, А.Навои көшесi № 1 мекен-жайда орналасқан.

Медресе шәкiрттерi жалпы орта бiлiм негiзiндегi оқыту мерзiмi 2 жыл 10 ай бiлiм алады. Жыл iшiндегi оқу екi семестрге бөлiнген. Оқу жоспарына сай шәкiрттер лекция тыңдап, практикалық, лабораториялық сабақтарға қатысады, өзiндiк жұмыспен айналысады. Соңынан курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсырады.

Сарыағаш медресесi дiни бiрлестiгiнiң жалпы құрылымына келер болсақ, медресенiң жалпы жер көлемi 1-гектар. 1-қабаты жазғы оқушыларға арналған жатақхана, 2-қабаты конференция залына берiлген. Аяқ асты цементтелген, оң жақ беткейi шырша ағаштарымен көмкерiлген. Ал сол жағында балалардың жазғы демалыс кезiнде шомылатын үлкен хауз 40х8=320 шаршы метр. Медресе ғимаратының көлемi 1473,4 шаршы метр. Бiрiншi қабатта кең дәлiздiң екi бетiнде орналасқан оқу сыныптары, компютер және кiтапхана, дәрiгерлiк көмек, мәжiлiс залы, мұғалiмдер бөлмесi, директордың бөлмесi болып, барлығы 17-бөлменi құрайды. Кiтапхана қорында 6000-ға жуық кiтаптар бар, олардың негiзiн дiни әдебиеттер құрайды. Информатика кабинетiне 18 компютер қойылып, интернет жүйесiне қосылған. Дәрiгерлiк бөлме де тиiстi құрал-жабдықтармен қамтамасыз етiлiп, тұрақты мейiрбике қызмет көрсетедi. Медресенiң екiншi қабатына жапсарлас салынған 350-орындық «Таяқты Ишан» мешiтi және балалар дене шынықтыратын (10х10) орын бар. Кең дәлiздiң екi жағында 20-жатақхана бөлмелерi бар. Жатақхана кең әрi екi қабатты төсектiң үшеуi қойылған. Бөлмелер шәкiрттердiң киiм-кешектерiн және жеке гигеналық заттарын қоятын жиһазбен жабдықталған. Екi қабатта да қауiптi жағдайларда шығатын қосымша есiктерi бар.

Медресе ғимаратының шығыс бетiнде асхана оранласқан. Асханада бiр мезгiлде 150-шәкiрт тамақтана алады. Асханада арнайы мамандандырылған аспазшы ас даярлайды. Асхана қазiргi заман талаптарына сай жабдықталған. Шәкiрттер күнiне үш, жаз айларында төрт мезгiл тамақтандырылады. Сондай-ақ нан және макорон өнiмдерiн шығаратын 2 цехы бар. Медресенi азық-түлiкпен «Қызыр-Айтқұл» ЖШС мекемесi 2200 гектар жердi өңдеп, игеру арқылы қамтамасыз етiп отыр. Сонымен қатар, мал бордақылайтын сарай және қырда бiр отар уақ мал ұстап көмек берiп отырады. 10 га суармалы жерге көкөнiс өсiрiлiп, шәкiрттерге берiледi.

Медресе шәкiрттерiне үлкен күрделi жөндеуден өткен 18-есiктi дәретхана жұмыс iстейдi. Онда жылы су және дәрет алатын ыңғайлы орындар бар. Күнделiктi жуынатын себелгi (душ) және аптасына бiр рет ыстық монша жағылады. Кiр жуатын үлкен машинасы тағы бар

Медресе ауласында футбол, баскетбол, воллейбол ойнайтын және жүгiрiп дене шынықтыратын ашық алаңы бар. Турник, алтыбақан т .б салауатты өмiр салтына арналған құралдар орналасқан.

2013-2014 оқу жылында медреседе 125 шәкiр оқып жатыр.

«Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркiстани» республикалық қарилар даярлау Орталығы

Астана маңындағы «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркiстани» республикалық қарилар даярлау Орталығы (Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы) 2010 жылы 30 қазанда ашылды.

Қарилар даярлау орталығы орта кәсiптiк бiлiм беру деңгейiндегi, ислам әлемiнде қабылданған 7 және 10 қирағатты меңгерген қарилар даярлайтын орта дiни оқу орны.

Оқу мерзiмi 2 жыл 10 ай. Оқу түрi күндiзгi. Қарилар курсына Құран Кәрiмдi толық жаттаған, сондай-ақ дауысы көркем т.б. белгiленген қабылдау ережелерiне сай емтиханнан өткен талапкерлер ғана қабылданады.

Қауам ад-Дин атындағы қарилар орталығының оқу ғимараты 2 қабаттан тұрады. Материалдық базасы бай әрi заманауи бiлiм беру талаптарына сай. Қарилар даярлау орталығы оқу ғимаратының жалпы алаңы 240,2 ш.м. Iргетасы бетоннан, қабырғасы кiрпiштен тұрғызылған. Бiрiншi қабатында 14 және 16,5 шаршы метрлiк екi дәлiз, 32,1 шаршы метрлiк намаз бөлмесi, 15,4 шаршы метрлiк дiни әдебиеттер кiтапханасы, 23,4 шаршы метрлiк директор бөлмесi, 21,5 шаршы метрлiк есепшi бөлмесi, 5,0 шаршы метрлiк жылыту ошағы орналасқан.

Ал екiншi қабаттында 16,5 шаршы метрi дәлiз, 26,8, 41,5, және 21,9 шаршы метрлiк 3 оқу аудиториялары бар. Оқу корпусы жанынан 134,9 шаршы метрлiк 30 компьютермен қамтылған сынып, 49,7 шаршы метрлiк екi қойма және 82,9 шаршы метрлiк асхана орналасқан.

Оқу ғимаратына iргелес 2 қабатты жатақхананың жалпы аумағы 173,0 шаршы метр. Ғимарат күйдiрiлген кiрпiштен тұрғызылған. Еденiне керамикалық плитка төселiп, ламинатпен қапталған, бiрiншi қабаттың еден асты жылытылады. Терезелер металлопластикадан жасалған. Бiрiншi қабатта 8,0 және 59,6 шаршы метрлiк шәкiрттердiң 2 жатын бөлмесi бар. Екiншi қабатта 6,9, 18,2 және 14,0 шаршы метрлiк жатын бөлмесi орналасқан. Сондай-ақ орталықтың оқу және жатақхана корпустарына көршi 0,1482 га жерге орналасқан екi отбасы тұруға арналған ғимарат бар.

Ғимарат жарық, iшiне терезелер арқылы, жасанды жарық люминесценттi шамдар орнатылған. Барлық жарықтану көздерi қорғаныш плафондарымен жабылған. Түнде медресенiң сыртқы аумағына қойылған жарық шамдары медресе ғимараты мен жатақхананы жарқыратып тұрады. Өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерi талапқа сай. Орталықтың ғимараттары заман талабына сай жеке электр жүйесi арқылы жылытылып, iшкi жылы сумен қамтамасыз етiледi.

Қарилар даярлау орталығы ашылысымен-ақ ҚМДБ-ның төралқа мәжiлiсiнiң шешiмi бойынша «Әбу Ханифа» республикалық қарилар даярлау орталығының тұңғыш директоры болып қари Садуақас Олжабаев тағайындалды.

Қарилар орталығына түскiсi келетiн үмiткерлерге қойылар талаптар:

  1. Директор атына жазылған өтiнiш
  2. Облыс, аудан имамының ұсынысы (мiнездеме түрiнде)
  3. Өмiрбаяны (талапкердiң өз қолымен жазылуы тиiс)
  4. Орта бiлiмi туралы аттестаты (түпнұсқасы)
  5. Көлемi 4х5 сурет (6 дана)
  6. Жеке куәлiгiнiң (көшiрмесi)
  7. 086-У үлгiдегi дәргерлiк анықтама
  8. РНН (көшiрмесi)
  9. Сотталмағандығы туралы анықтама
  10. Талапкердiң жасы 25-тен аспауы тиiс

«Астана» медресесi

Жалпы мәлiметтер

Оқу орнының толық атауы мен мекен-жайы: «Медресе Астана» жеке мекемесi, Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 36-да орналасқан. Медресе ҚР Әдiлет министрлiгiнде тiркелген. Тiркелу куәлiгi № 45324-1901-М-Е, 2013 жылы 30 қаңтар, БИН 130140022723. Лицензия нөмiрi: 13013706 (28.08.2013 жылы берiлген, Астана қаласы).

Медресенiң материалдық-техникалық базасы

Медресенiң материалдық-техникалық базасы бiлiм заңдарында көрсетiлген талаптарға сай келедi. Оқу корпусы 2 қабаттан тұрады, жалпы алаңы 706 ш.м., көлемi 847 ш.м. Бiрiншi қабатта — оқу аудиториялары, екiншi қабатта — әкiмшiлiк, медициналық пункт және оқытушылар кабинеттерi орналасқан.

Оқу корпусы оқу үрдiсiне сай қажеттi жиһаздармен, ұйымдастыру техникасы, компьютер сыныбымен толығымен жабдықталған. Жеке ғимаратта арнайы оқу залымен жалпы алаңы 190 ш.м. медресе кiтапханасы бар. Жалпы кiтап қоры 5 мыңға жуық. Медресенiң оқу ғимаратына iргелес 3 қабатты жатақхана орналасқан. Жатақханада конференц-зал, санитарлық талаптарға сай толық жабдықталған 120 орындық асханасы бар. Өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерi талапқа сай. Медресе орталық жылыту жүйесiмен жабдықталған.

Медресе бiтiрген түлектердiң жұмыспен қамтылуы жөнiнде мәлiмет.

2007-2010 оқу жылында медресенi 24 шәкiрт, 2008-2011 оқу жылында — 29 шәкiрт, 2009-2012 оқу жылында — 18 шәкiрт, 2010-2013 оқу жылында 30 шәкiрт бiлiм алып, оқып шықты. «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениетi университетiнде оқу грантымен 20 түлек оқиды. Түркия Республикасы «Хасеки» медресесiне Астана медресесiнiң 7 түлегi оқуға түстi. Қалған түлектер бұйрық алған мешiт–медреселерде ойдағыдай қызмет атқаруда. Түрлi себептермен қызметтерiн жалғастыра алмаған — 11 түлек бар. Бiз өз тарапымыздан түлектердiң медреседен кейiнгi тыныс-тiршiлiктерiн қадағалаудамыз. 2013-2014 оқу жылдарында медресенi 30 түлек бiтiредi.

«Астана медресесi» жеке мекемесiнi байланыс деректерi

Оқу орнының толық атауы мен мекен-жайы: «Астана медресесi» жеке мекемесi, Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 36-да орналасқан.

Байланыс телефондары:

8 (7172) 44 61 55 — директор;

8 (7172) 44 58 44 — қабылдау бөлмесi,

8 (7172) 44 61 73 — факс;

8 (7172) 44 58 24 — директордың орынбасары;

8 (7172) 44 58 18 — оқу бөлiмi;

8 (7172) 44 62 45 — есепшi

«Шымкент» медресесi

Осынау шаһарда елiмiздегi ең алғашқы медресе 2007 жылғы маусым айында есiк ашты.

Оқу мерзiмi — 2 жыл 10 ай. Оқу түрi — күндiзгi. Оқу үдерiсi бiр кезеңмен өткiзiледi. Арнаулы орта бiлiмдi дiн мамандарын даярлайтын медресеге бiлiмдi, қабiлеттi, денсаулығы жарамды, имандылыққа бет бұрған талапкерлер қабылданады.

Медресенi «Исламтану» мамандығы бойынша тәмамдаған шәкiрттер арнаулы орта оқу орнының дипломына ие болады. Болашақта олардың елiмiздегi мешiттерде имамдық және мешiттер жанынан ашылған сауат ашу курстары мен медреселерде ұстаздық қызмет атқарулары көзделген.

Медресе ер балалар және қыз балалар бөлiмдерi болып екiге бөлiнген:

Медресе заманауи талаптарға сай жабдықталған. Атап айтқанда арнайы аудиториялар мен дәрiс залдары, мешiт, жатақхана, спорт алаңқайлары, кiтапхана, асхана, компьютер бөлмелерi, медициналық пункттер, дайындық курстары, т.б. бар.

Медресе қоғамдық iс-шаралар ретiнде студенттер арасында жылына екi рет азан, хұтпа, уағыз, хадис жарыстарын өткiзедi. Медреседе тәрбие сағаты ретiнде ғылымның әр саласынан профессор, доктор, заң қызметкерлерiмен конференциялар өткiзiлiп тұрады. Бұл тұрғыда оқу орны Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк және халықаралық Қазақ-Түрiк, Отырар, ОҚПУ университеттерiмен тығыз байланыста. 2013-2014 оқу жылында медресенi 39 ер және 14 қыз шәкiртi бiтiредi.

Медресе сипаттамсы

Медресе Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2007 жылғы 30 қарашада № 5025-1900-ДБ нөмiрiмен тiркелген. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) 071240002315.

Заңды тұлғаның атауы: «Шымкент медресесi» дiни бiрлестiгi.

Қайта тiркеумен: «Шымкент медресесi» жеке мекемесi. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi ОҚО Әдiлет департаментi Шымкент қаласының Әдiлет басқармасына 2012 жылы 5-шi қарашада №2884-1958-01-М-е номерiмен тiркелдi. Медресенiң бизнис-сәйкестендiру номерi БСН 071240002315 Мемлекеттiк лицензиясы № 13003127 «22» ақпан 2013 жылы берiлдi.

Медресенiң жалпы жер көлемi 7576,1 шаршы метр аумақты алып жатыр. Медреседе бүгiнде 25 аудитория, 16 дәрiсхана мен 2 лекциялық зал жұмыс iстейдi. Онда арнайы орындықтар, тақталар, т.б. заттар қойылған. Сондай-ақ желдеткiш, телефон, факс, шаңсорғышпен қамтамасыз етiлiп, тиiстi жиһаз, т.б. қажеттiлiктермен жабдықталған.

Медресенiң ер балалар жатақханасы 200 орындық, екi қабатты.

Медресенiң қыз балалар жатақханасы 150 орындық, екi қабатты.

Оларға теледидарлар мен орындықтар қойылған. Жуынатын бөлмелер, кiр жуу машиналары, т.б. болуы қаперге алынған.

Медреседе спорт кешенi жұмыс iстейдi. Атап айтқанда: мини футбол, волейбол, баскетбол, теннис, т.б. қажеттi спорт түрлерiмен айналысуға мүмкiндiктер жасалған.

Медресенiң кiтапханасы бар. Онда 6 мыңнан аса тарихи, философиялық, әлеуметтiк, педагогикалық, психологиялық, дiни-танымдық әдебиеттер жинақталған. Медреседе шәкiрттерге 3 мезгiл тегiн тамақ берiледi.

Арнайы компьютер бөлмелерi бар. Ондағы ер балалар бөлiмiне 21 компьютер қойылған. Оқу орнының барлық оқу-әдiстемелiк және тәрбиелiк жұмыстары жайлы мәлiмет компьютерлiк ақпарат жүйесiне енгiзiлген.

Оқу бағдарламасы бойынша барлық мәлiмет, үлестiрмелi материалдардың түпнұсқалары және шәкiрттердiң бiлiмi мен оқу үлгерiмiн бақылау қорытындылары медресенiң тәрбие iсi бөлiмiнiң меңгерушiсi мен әрбiр топтың сынып жетекшiлерiнiң жеке компьютерiнде тiркелген.

Компьютерлер интернет жүйесiне қосылған.

Медресе қысқы мезгiлдерде жалпы жылу жүйесiне қосылған. Көктем мен жаз айларында гүлдер отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргiзiледi. Медресе жанынан екi қабатты мешiт салынған. Оның бiрiншi қабатында дәретхана, асхана, кеңсе бөлмелерi орналасса, екiншi қабатында үлкен намаз залы бар. Еденiне жайнамаз-кiлемдер төселген. Михрабы кафелденiп «Аятул курси» аяттары өрнектелген. Уағыз, хұтпа айту үшiн арнайы мiнбер де бар.

Медреседе медициналық пункттер бар, мейiрбикелер жұмыс атқарады. Медициналық пункттер тегiн дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етiлген. Медреседе жыл сайын шәкiрттердiң демалысы кезiнде екi ауысыммен жазғы дiни демалыс лагерi iстейдi. Онда балалар 3 мезгiл тамақтанады. Дiни дәрiстер берiлiп, исламдық тұрғыдағы тәрбиелiк мәнi бар бейнефильмдер мен анимациялық фильмдер көрсетiледi.

«Шымкент» медресесiне түсетiн үмiткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Директор атына жазылған өтiнiш
  2. Облыс, аудан имамының ұсынысы
  3. Өмiрбаяны
  4. Аттестаты немесе диплом (түпнұсқасы)
  5. Көлемi 3х4 сурет (6 дана)
  6. Жеке куәлiгiнiң (көшiрмесi)
  7. № 086-У, флюра
  8. № 063 үлгiдегi дәрiгерлiк анықтама
  9. Психо.диспансер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 160000 Оңтүстiк Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл фараби ауданы, Рекордная өткелi, № 4 үй.

тел: 8(7252) 538674, 8(7252) 538672

«Абу Бәкiр Сыддық» медресесi

«Абу Бәкiр Сыддық медресесi» орта кәсiптiк бiлiм беру деңгейiндегi «исламтанушы» мамандығы бойынша оқытатын дiни оқу орны. Ол ҚР Әдiлет министрлiгiнiң №1273-1945-01-М-е нөмiрiмен тiркелiп, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнен №0142686 нөмiрлi мемлекеттiк лицензиясын алған.

Медресенiң оқу бағдарламасы Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы және ҚР Бiлiм және Ғылым министрлiгi тарапынан бекiтiлiп, қазiргi таңда жүйелi түрде жұмыс жасап келедi. Оқу мерзiмi 2 жыл 10 ай. Оқу түрi күндiзгi. Медресе қабырғасында елiмiздiң түрлi аймақтарынан келген 45 шәкiрт бiлiм алуда. Оның iшiнде 19-ы I — курста, 18-i II — курста және 8-i III — курста бiлiм алуда. Оқу жоспарына сай шәкiрттер дәрiс тыңдап, практикалық, зертхана сабақтарға қатысып, өзiндiк жұмыстармен айналысады. Оқу жылының соңында курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсырады. Аталмыш оқу орнында дiни бiлiммен қатар қазiргi заман талабына сай, мемлекеттiк бiлiм стандартында көрсетiлген пәндерден де бiлiм берiледi. Медресенiң оқу ғимараты мен жатақханасына күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлген. Оқу ордасына қажеттi барлық жиһаз, соңғы техникалық құралдармен, компьютерлiк сыныптарымен қамтамасыз етiлген, кiтап қоры бай кiтапханасы да бар. Болашақта медреседе маман дайындау деңгейiне, бiлiм бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнына, бiлiм беру үрдiсiндегi кадрлық, оқу-әдiстемелiк, материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етудегi талаптар күшейе бермек. Өйткенi, алдағы уақытта үлгерiмi жоғары түлектерге өз бiлiмдерiн Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениетi университетiнде тегiн жалғастыруына мүмкiндiк берiлген. 2013-2014 оқу жылында медресенi 8 шәкiрт бiтiрiп шығады.

«Һибатулла Тарази» медресесi

Һибатулла Тарази медресесi облыс орталығындағы ең көрнектi Төле би көшесi бойында орналасқан.

Медресе ғимараты екi қабаттан тұрады. Орналасқан жерiнiң көлемi 1,2 гектар. Оқу орнының жалпы көлемi 1470 шаршы метр. Медресенiң биiктiгi 5,7 метр. Қабырғаның iшкi жағы заман талабына сай ыстық-суықты жiбермейтiн арнайы технология бойынша әрленген. Медреседе 1 директор бөлмесi, 3 дәрiсхана бөлмесi, 1 кiтапхана (1500-ден астам дiни кiтаптардан тұрады. Кiтапхана компьютермен жұмыс iстеушiлер үшiн де тиiмдi), 1 мұғалiмдер бөлмесi, 1 мәжiлiс залы, 1 медициналық көмек көрсету пунктi, 1 дене шынықтыру залы, 1 тәрбиешiлер бөлмесi, шәкiрттердiң жатақханалық 2 бөлмесi, 1 қонақ бөлмесi, сондай-ақ, медресе ұстаздары мен шәкiрттерге қажеттi басқа да бөлмелер бар. Олар уақыт талабына сай заманауи үлгiдегi құрал-жабдықтармен қамтамасыз етiлген.

Медресе шәкiрттерi жалпы орта бiлiм негiзiндегi оқыту мерзiмi бойынша 2 жыл 10 ай бiлiм алады. Оқу жылы екi семестрге бөлiнген. Шәкiрттер оқу жоспарына сай дәрiс тыңдап, өндiрiстiк және зертхана сабақтарына қатысады және өзiндiк жұмыспен айналысады. Соңынан курстық жұмыстар, сынақ тапсыратын болады. Медресе бiтiргендер «Исламтанушы» мамандығы бойынша диплом алып шығады. 2013-2014 оқу жылы медресенi 17 шәкiрт бiтiредi.

Талапкерлерге қойылатын талаптар:

  1. Медресе директорының атына жазылған өтiнiш
  2. Облыс, аудан имамының ұсынысы (мiнездеме түрiнде)
  3. Өмiрбаяны (талапкердiң өз қолымен жазылуы тиiс)
  4. Орта бiлiм туралы аттестат
  5. Көлемi 4х5 сурет (6 дана)
  6. Жеке куәлiк (көшiрмесi)
  7. 086-У үлгiдегi дәрiгерлiк анықтама
  8. РНН (көшiрмесi)
  9. Соттталмағандығы туралы анықтама
  10. Талапкердiң жасы 25-тен аспауы тиiс

«Үшқоңыр» медресесi

Тәуелсiздiктен кейiнгi жылдарда қазақ даласында Исламның қайта бүр жарып, дамуға бағыт түзегенiн сүйiншiлеген алғашқы медреселердiң бiрi. Ол Iле Алатауының әсем баурайында, Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты табиғатының сұлулығына талайлар сұқтана қараған әйгiлi Үшқоңыр жерiнде, тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың қолдауымен және тiкелей бастамасымен салынған «Қарасай батыр» атындағы төрт мұнарасы алыстан менмұндалаған сәулеттi мешiттiң 3 га. 29 сотық жердi алып жатқан кең аумағында орналасқан.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Жiбек жолы көшесi №164 орналасқан ҚМДБ-на қарасты 2008 жылдан бастап «ШАМАЛҒАН» медресесi дiни бiрлестiгi болып ашылып, 2012 жылдың 27 желтоқсанында «Үшқоңыр медресесi» жеке мекемесi болып өзгертiлiп қайта тiркелген қазiргi таңда ер балалар және қыздар бөлiмi болып жұмыс iстеуде. Ер балалар бөлiмi жоғарыда көрсетiлген мекен-жайында, ал қыздар бөлiмi 2013 жылдың маусымынан бастап Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Жұрынов көшесi №68 бойынша өз жұмыс бастап кеттi.

2009-2013 жылдары аралығында тамыз айының аяғына таман Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының басшылығымен қабылдау емтиханы өткiзiлiп, шамамен 30-35 шәкiрт медресе қабырғасына қабылданады.

ҚМДБ-сы мен Монғолия Дiни Iстерiнiң арасындағы келiсiм шартқа байланысты Монголия республикасынан 8 қандас бауырларымыз бiлiм алып, бiлiмдерiн шыңдау үшiн елдерiне оралды.

Қазiргi таңда I курста 34 ер, 20 қыз студент, II курста 21 студент және III курста 21 студент, барлығы 96 студент бiлiмдерiн жалғастыруда.

Медреседе Түркия елiнен 1 ұстаз, Мысыр елiнен 2 ұстаз және Қазақстандағы жоғары санатты, бiлiмдi исламтану мамандығы бойынша 6 ұстаз, iзгiлендiру пәнi мен қоғамдық пәндерден 9 ұстаз, жалпы саны 18 ұстаз сабақ жүргiзуде. Сонымен қатар тәжiрбиелi әрi бiлiктi 4 тәрбиешi қызмет көрсетедi.

ҚМДБ-сы мен «Қазақстан 2030» қазақ-түрiк жастарды қолдау қоғамдық қоры және «Құл Қожа Ахмет Иасауи бiлiм және парасат қоры» арасында келiсiм жасасуы арқылы бiрге келiсе отырып, медресенiң оқу процесi, тәлiм-тәрбиелiк жұмыстары және әлеуметтiк жағдайларды қамтамасыз етудi қолға алған.

Шәкiрттерiмiзге барлық жағдай жасалған. Заман талабына сай оқу бөлiмi, кiтапхана, компьютер бөлмесi, жатақхана, асхана, және жазғы спорт алаңы бар. Жатақханада 90 студентке барлық әбзелдер қамтылған. Дәретхана, ғұсыл құйынатын душ және киiм жуатын арнайы орындар бар. Жастардың киiм-кешегiн қоятын арнайы бөлмеде шкафтар бар. Ауырып қалған жағдайда жататын бөлек бөлме және оларға қарайтын тәжiрибелi фельдшер бар. Сонымен қоса үш мезгiл ыстық тамақпен қамтамасыз етiлген. Медресенiң барлық оқу-әдiстемелiк және тәрбиелiк жұмыстар жайлы мәлiмет компютерлiк-ақпарат жүйесiне енгiзiлген.

Оқу жүйесi бойынша барлық мәлiмет, үлестiрмелi материалдардың түпнұсқалары және шәкiрттердiң бiлiмi мен оқу үлгерiмiн бақылау қорытындылары медресенiң тәрбие iсi бөлiмiнiң меңгерушiсi мен әрбiр топтың сынып жетекшiлерiнiң жеке компьютерлерiнде тiркелген.

Медресесiнiң оқу жұмыс жоспарының жобасы жалпыға орта бiлiм беру стандартының негiзiнде жасалынған. Медресе шәкiрттерi оқу орнын «Исламтану» мамандығы шифры 0112000 бойынша бiтiрiп шығады. Оқу мерзiмi 2 жыл 10 ай. Оқу түрi күндiзгi. Сабақ кестелерi оқу жоспарына сәйкес өз дәрежесiнде жасалынған, оқу процесi бiр кезеңмен жүредi.

«Үшқоңыр медресесi» жеке мекемесiн бiтiргендердiң саны:

2013 жылы 17 шәкiрт. Оның iшiнде 7-i қызыл, 10-ы көк диплом берiлдi.

2014 жылы бiтiрушiтүлектердiң саны 21. Оның iшiнде 4-i қызылға, 17-i көкке ұсынылып отыр.

«Әбу Ханифа» медресесi

«Әбу Ханифа медресесi» орта кәсiптiк бiлiм беру деңгейiндегi «исламтанушы» мамандығы бойынша оқытатын дiни оқу орны.

Ол ҚР Әдiлет министрлiгiнiң №114536-1910-М-е нөмiрiмен тiркелiп, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнен №0142685 нөмiрлi мемлекеттiк лицензиясын алған. Медресенiң оқу бағдарламасы Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы және ҚР Бiлiм және Ғылым министрлiгi тарапынан бекiтiлiп, қазiргi таңда жүйелi түрде жұмыс жасап келедi. Оқу мерзiмi 2 жыл 10 ай.

Оқу түрi күндiзгi. Медресе қабырғасында елiмiздiң түрлi аймақтарынан келген 60 шәкiрт бiлiм алуда. Оның iшiнде 29-ы I — курста, 18-i II — курста және 13-i III — курста бiлiм алуда. Оқу жоспарына сай шәкiрттер дәрiс тыңдап, практикалық, зертхана сабақтарға қатысып, өзiндiк жұмыстармен айналысады.

Оқу жылының соңында курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсырады.Аталмыш оқу орнында дiни бiлiммен қатар қазiргi заман талабына сай, мемлекеттiк бiлiм стандартында көрсетiлген пәндерден де бiлiм берiледi. Медресенiң оқу ғимараты мен жатақханасына күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлген. Оқу ордасына қажеттi барлық жиһаз, соңғы техникалық құралдармен, компьютерлiк сыныптарымен қамтамасыз етiлген, кiтап қоры бай кiтапханасы да бар.

Болашақта медреседе маман дайындау деңгейiне, бiлiм бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнына, бiлiм беру үрдiсiндегi кадрлық, оқу-әдiстемелiк, материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етудегi талаптар күшейе бермек. Өйткенi, алдағы уақытта үлгерiмi жоғары түлектерге өз бiлiмдерiн Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениетi университетiнде тегiн жалғастыруына мүмкiндiк берiлген.

«Ақтөбе» медресесi

2008 жылы қазан айында Ақтөбедегi «Нұр-Ғасыр» мешiтiнiң жанынан облыстағы тұңғыш рет ресми түрде «Ақтөбе медресесi» ашылды. Медресе қызметiнiң басты мақсаты — ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжiрибе жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiбiн шыңдауға бағытталған дiни бiлiм беру. Мұнда дiн қызметкерлерiн, соның iшiнде теологтар мен дiнтанушыларды даярлаудың оқу бағдарламасын iске асыру арқылы ислам және иман негiздерi оқытылады.

Шәкiрттердiң жан-жақты бiлiм, тәлiм-тәрбие алуы үшiн қолайлы жағдайдың барлығы жасалған. Олар жылы да, жайлы жатақханаларда тұрады. Жатақхана бөлмелерiнiң барлығында шәкiрттерге қажеттi — жуыну бөлмесi, дәрет алу орындары, киiмдерiн жуу, өтектеу т.б орындар қарастырылған. Асхана заман талабына сай жабдықталған. Ол жерде шәкiрттерге үш мезгiл тамақ берiледi

Оқу бөлмелерi жаңа заман талабына сай бiлiм алуға қажеттi компьютерлермен, интерактивтi тақтамен жабдықталған. Қазiр компьютерлердi ғаламтор жүйесiне қостыру мүмкiндiгi қарастырылып жатыр.

«Артық ғылым — кiтапта» екенi хақиқат. Шәкәрiмнiң: «Ғылымсыз адам айуан, Не қылсаң да ғылым бiл. Ғылымға да керек жан, Ақылсыз болса ғылым тұл» — деген сыр сөздерiнде хақты танудың қыр-сырын ашып, рухани кемелдiктiң бастауы — ғылым-бiлiм екендiгiн айтады.

Жаңа 2009-2010 оқу жылынан бастап жүйелi түрде жұмыс жасай бастаған медресе кiтапханасы да байып келедi, оқулықтармен, қажеттi әдебиеттермен үнемi толығып тұрады. Мысалы, Мысыр Араб мемлекетiнен Ислам дiнiнiң барлық саласына қажеттi ғылыми оқулықтар үнемi әкелiнедi.

2010-2011 оқу жылында жергiлiктi кәсiпкер азаматтар қайырымдылық қолын созып, мұсылман бауырларға үлкен сый жасады. Олар Ақтөбе облысының Алға ауданына қарасты Бестамақ елдi-мекенiнде орналасқан екi қабатты ғимаратты қайта жөндеуден өткiзiп, оқу орнын қажеттi бұйымдармен қамтамасыз етiп, медресемiздiң оқу-тәрбие жұмыстарын жүргiзу үшiн барлық жағдайды толық жасап, осы ғимаратты ҚМДБ-ның қарауына толықтай берiп отыр.

Медресе оқу бағдарламасында отандық және әлемдiк мәдениеттiң жетiстiктерiн, қазақ халқының, елiмiзде тұрып жатқан басқа да халықтардың тарихын, ұлттық дәстүрдi үйрету, оқытудың жаңа технологияларын, оның iшiнде кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгерiп отыратын қажеттерiне тез бейiмделуiне ықпал ететiн кредиттiк, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгiзу және тиiмдi пайдалану, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттiлiктерi арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететiн және әркiмге өзiнiң бiлiмге негiзделген жеке әлеуетiн қоғамда барынша пайдалануға көмектесетiн оқыту жүйесiн үздiксiз дамыту, бiлiм алушылардың кәсiптiк бiлiктiлiгiн қамтамасыз ету, жұмыс берушiлермен және басқа да әлеуметтiк әрiптестермен белсендi өзара iс-қимыл арқылы техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң озық қарқынмен дамуын қамтамасыз ету бағыттарын iске асыру мiндеттерiн қояды.

2013-2014 оқу жылында Ақтөбе медресесiн 10 шәкiрт бiтiрiп шығады.

Орал медресесi

2008 жылдың қыркүйегiнде медресе ресми түрде ашылды. Орал медресесi Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарына қажеттi дiн мамандарын даярлайтындықтан 2008 жылдың 24 қыркүйегi күнi аталған үш облыстан алғашқы 24 шәкiрт қабылданды.

Медресенiң тұңғыш директоры болып ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкiл имамы Смайыл Сейiтбеков тағайындалды.

Медресеге тиiстi құжаттардың бәрi толықтай реттелiп, 2009 жылы 31 наурызда Әдiлет министрлiгiнен ресми түрде тiркелiп, №5089-1900-ДБ тiркеу куәлiк берiлдi. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi — БСН 090440006564.

Ал, 2010 жылы 29 сәуiрде Орал медресесiне Бiлiм және ғылым министрлiгiнен №0137381 серия АБ нөмiрлi мерзiмi шектеусiз мемлекеттiк лицензия берiлдi.

Оқу мерзiмi өзге де медреселердегiдей 2 жыл 10 ай. Оқу жоспарына сай шәкiрттер дәрiс тыңдап, практикалық, зертхана сабақтарына қатысады, өзiндiк жұмыспен айналысады. Соңынан курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсырады.

2013-2014 оқу жылында медресенi 12 шәкiрт бiтiредi.

Ғимараттың құрылымы цоколдiк қабаттан, 1 және 2 қабаттан тұрады. Оқу орны орналасқан жер көлемi 0.3050 га. Оқу орнының жалпы көлемi 741,1 шаршы метр. Әкiмшiлiк бөлiмдер оқу ғимаратының 1-қабатында орналасқан және жалпы көлемi 62,8 шаршы метрдi құрайды (1. Директор бөлмесi — 20,5 шаршы метр, 2. Оқу бөлiмi — 15,8 шаршы метр, 3. Есепшi — 13,2 шаршы метр, 4. Медициналық Пункт — 13,3 шаршы метр).

5В020600 — Дiнтану мамандығы бойнша студенттердi қабылдайтын жоғары оқу орындарының тiзiмi

Ұлттық ЖОО:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
Мекен-жайы: Астана қ., Мирзоян к., 2
Веб-сайт: http://www.enu.kz/

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетi
Мекен-жайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71
Веб-сайт: http://www.kaznu.kz/

Мемлекеттiк ЖОО:

Х.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрiк университетi
Мекен-жайы: Түркiстан қ., орталық алаң, №2 ғимарат
Веб-сайт: http://www.iktu.kz/

Жеке меншiк ЖОО:

Шет Тiлдер және Iскерлiк Карьера Университетi
Мекен-жайы: Алматы қ., Қазыбек Би к., 168
Веб-сайт: http://www.ydu.kz/

24.08.2016 11:27

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімE-islamҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Яндекс.Метрика