Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма қызметі || Статистикалық ақпарат

Статистикалық ақпарат

2017 ж. I тоқсан бойынша Солтүстiк Қазақстан облысындағы дiни ахуал

Солтүстiк Қазақстан облысындағы дiни ахуал бүгiнгi күнi тұрақты ретiнде сипатталады.

Облыста 136 дiни бiрлестiк пен филиал бар. 173 ғибадат ғимараты жұмыс iстеп тұр.

11 дiни ғимарат салынуда, соның iшiнде 4 мешiт пен 7 православ храмы (2015 жылы 13 дiни ғимарат құрылысы жүргiзiлген).

Облыстың дiндар халқының 40%-ы — ислам, 54%-ы — православие, 5%-ы — католик, 1%-ы протестант дiнiн ұстанады.

Облыста 16 ақпараттық-түсiндiру тобы жұмыс iстейдi (1 облыстық, 1 қалалық, 13 аудандық, 1 жастардiкi). АТТ құрамына қала, аудан әкiмдерiнiң орынбасарлары, ауылдық округ әкiмдерi, iшкi саясат бөлiмдерiнiң басшылары, құқық қорғау органдарының, баспа БАҚ өкiлдерi, мәслихат депутаттары, тарих мұғалiмдерi кiрдi. АТТ мүшелерiнiң жалпы саны 259 адам.

Облыс халқына дiн iстерi басқармасында атқарылып жатқан жұмыс туралы кеңiнен хабарлау мақсатында 4 қаңтарда өңiрлiк ОКҚ-да басқарма басшысы М. Зейнуллиннiң қатысуымен «Басқарманың 2016 жылғы қызметiнiң қорытындысы және 2017 жылғы жоспарлары» тақырыбында брифинг өттi.

7 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық үйi» ғимаратында Дiни бiрлестiктер басшылары клубының отырысы өткiзiлдi. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi дiн iстерi басқармасының басшысы М.Б. Зейнуллин «Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың ел халқына Жолдауы «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» — жылдың басты бағдарламалық құжаты» атты баяндама жасады.

700-ге жуық сайтқа мониторинг жүргiзiлдi, «Вконтакте», «Mail.ru», «Facebook», youtube.com және басқа да әлеуметтiк желiлердiң 2000-нан астам электрондық парақшалары қаралды. Қаралған сайттар туралы ақпарат одан әрi зерттеу және жұмыс iстеу үшiн Дiн iстерi комитетiне жолданды.

Дiн iстерi басқармасының (бұдан әрi — Басқарма) және «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ (бұдан әрi — КҚТДО) сайттарында 232 ақпараттық материал орналастырылды.

Есептi кезеңде облыста 162 түрлi форматтағы iс-шара өткiзiлдi, олармен 8878 адам қамтылды (2016 жылғы сәйкес кезеңде — 160/6057), олардың iшiнде: халықпен кездесу — 106/5821 адам қамтылды (2016 жылғы сәйкес кезеңде — 73/1888), семинарлар 8/318 (2016 жылғы сәйкес кезеңде — 16/1020), дәрiстер — 18/491 (2016 жылғы сәйкес кезеңде — 40/2018), «дөңгелек үстелдер» — 8/474 (2016 жылғы сәйкес кезеңде — 17/2018), өзге iс-шаралар — 22/1774 (2016 жылғы сәйкес кезеңде — 12/602).

Алдын алу-түсiндiру iс-шаралары халықтың түрлi топтары арасында өттi: жастар, әскери қызметшiлер, медициналық қызметкерлер, оқу орындарының оқытушылары, балабақшалардың тәрбиешiлерi, өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң жеке құрамы, мемлекеттiк қызметшiлер, құқық қорғау органдарының, күзет қызметiнiң қызметкерлерi.

Есептi кезеңде «OpenAir» форматындағы iс-шараларда АТТ мүшелерi Петропавл қаласының сауда алаңдары мен адамдар көп жиналатын жерлерiнде терроризмге қарсы бағытта 1000-нан астам буклет таратты, дiн және конфессияаралық қарым-қатынас саласында қызығушылық тудырған барлық сауалдарға жауап бердi, тұрғындарға «504458 — сенiм телефонының» жұмысы туралы хабарлады.

7 сәуiрде облыс әкiмдiгiнде облыс әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Дүйсенованың төрағалық етуiмен СҚО әкiмдiгiнiң жанындағы дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес отырысы өткiзiлдi. Кеңес отырысына дiни бiрлестiктердiң басшылары, мемлекеттiк органдар, ҮЕҰ, БАҚ өкiлдерi қатысты. Отырыс барысында Петропавл қаласының және Ақжар ауданының Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңесiнiң жұмысы туралы, «Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша келген студенттер арасында жүргiзiлетiн тәрбие жұмысы туралы мәселелер қаралды.

2017 жылдың бiрiншi тоқсанында Орталық «Дiни ахуал мониторингi» мен «Адамдар көп жиналатын объектiлердiң террористiк тұрғыдан осалдығы» тақырыптарындағы әлеуметтiк зерттеулердiң қорытындысын шығарды.

«Адамдар көп жиналатын объектiлердiң террористiк тұрғыдан осалдығы» зерттеуiнiң деректерi бойынша солтүстiкқазақстандықтардың көбi — 78%-ы елiмiзде террористiк актiлер қаупi бар деп есептейдi. Солтүстiкқазақстандықтар көбiнесе өздерiн вокзалдарда қорғалған деп есептейдi — сұралғандардың 51%-ы, ғибадат ғимараттарында — 45%, бiлiм беру мекемелерiнде — 41%-ы және денсаулық сақтау мекемелерiнде — 33% және ойын-сауық мекемелерiнде ең аз қорғалған деп — 32%-ы.

«Дiни ахуал мониторингi» зерттеуiнiң деректерi бойынша облыс тұрғындарының көпшiлiгi өзiн дiншiл деп есептейдi (91,5%), ұстанатын дiндарлар пайызы ықтимал қате кетуiн ескере отырып 10-11%-ды құрайды.

Солтүстiк Қазақстан облысының дiндарлары тұрғындар арасында құрметке ие. Дiншiл солтүстiкқазақстандықтардың көпшiлiгi (88,5%-ы) дiндарлардың бәрiне не көп бөлiгiне iзетпен және құрметпен қарайды.

Облыс тұрғындары елiмiздегi және облысымыздағы дiни ахуал мен конфессияаралық қарым-қатынастарға оң бағасын бердi (90%-дан астамы). Облыс халқының көпшiлiгi (92,0%-дан астамы) мемлекет жүргiзетiн тағаттылық және конфессияаралық келiсiм саясатын қолдайды.

Солтүстiкқазақстандықтардың көбiсi (55%) дiни экстремизм мен терроризмнiң Қазақстан үшiн қауiптiлiгiне мән бередi.

Солтүстiк Қазақстан облысындағы дiни ахуал

Солтүстiк Қазақстан облысының дiни-демографиялық көрiнiсi негiзiнен оның көпұлттық құрамына ұқсас. Орыс, украин, белорустардың көбi православ христиандары болып табылады (халықтың 54%). Этностық қазақтар (халықтың 34%), татарлар, сондай-ақ тәжiктер, шешендердiң бiр бөлiгi ханафи мәзхабының сүннет пайымындағы ислам өкiлi болып есептеледi. Өңiр аумағындағы рим-католик шiркеуiнiң 11 приходы бар. Оның прихожандары этностық поляктар (халықтың 2,3%), сондай-ақ украиндар (халықтың 4,5%), белорустар (1%) және немiстер (3,5%). Немiстердiң арасында лютерандар, сондай-ақ евангелие христиан-баптистерi бар.

Дiни қызмет туралы заң аясында әрекет ететiн жаңа дiни қозғалыстарға евангелие сенiмiндегi христиандардың бiр бөлiгiн (елулiктер), Иегова куәгерлерiн, пресвитериан шiркеуi мен харизмалық шiркеулердiң бiрқатар шағын дiни бiрлестiктерiн жатқызуға болады.

Бүгiнгi күнi облысымызда 171 дiни ғимарат жұмыс iстеп тұр, соның iшiнде 68 мешiт, 31 православ дiни ғимараты, 44 Рим-католик костелi мен шағын шiркеулер, 28 протестанттық ғибадат үйi.

Қазiргi таңда 11 ғибадат ғимараты салынып жатыр, соның iшiнде 4 мешiт пен 7 храм.

Жалпы дiни фактордың облыстағы қазiргi ахуалға әлеуметтiк-саяси ықпалы бұрынғы деңгейiнде қалған.

Дiн iстерi басқармасы дәстүрлi дiн өкiлдерiмен бiрлесе жүргiзетiн ақпараттық-түсiндiру жұмыстары, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен қабылданатын дiни ұйымдардың дiн саласындағы қолданыстағы заңнаманы сақтауын бақылау бойынша шаралар өңiрдiң дiндар тұрғындарының хал-жағдайының жақсаруына септiгiн тигiзедi.

35 облыстық және аудандық БАҚ-та, сондай-ақ 3 өңiрлiк телеарнада «Иман таразы», «Имандылық», «Дiн және уақыт», «Духовное наследие», «Согласие силы множит», «Ассамблея», «Под шаныраком дружбы», «Дiнаралық келiсiм — елдiгiмiздiң тiрегi», «Дiнi бөлек, дiлi бiр» және басқа да тақырыптық айдарлар ашылды және жұмыс iстеп тұр.

«Иман нұры» және «Благовест» телебағдарламаларында дәстүрлi конфессиялардың дiни қызметшiлерi сөз сөйлейдi.

Дiн iстерi басқармасының «udr.sko.gov.kz» ресми сайтында теолог, дiнтанушы, ресми дiн мен мемлекеттiк орган өкiлдерiнiң арасынан көрнектi қайраткерлердiң материалдары тұрақты түрде жарияланып тұрады. Сондай-ақ сайтта экстремистiк дiни ағымдардың жағымсыз болмысын ашатын 15 деректi фильм орналастырылған.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Дiн iстерi басқармасында 42 миссионер тiркелген. Олардың абсолюттi көпшiлiгi Рим-католик шiркеуiнiң өкiлдерi.

СҚО аумағында «Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы» облыс әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 7 қарашадағы № 322, 2015 жылғы 10 қыркүйектегi № 357, 2016 жылғы 06 қазандағыi № 374 қаулыларына сәйкес дiни мазмұны бар кiтап өнiмдерiн сату үшiн 9 дүкен бекiтiлдi. Аталған сауда нүктелерiнде таратылатын әдебиеттiң дiнтану сараптамасының оң қорытындысы бар.

Облыста 16 ақпараттық-түсiндiру тобы (бұдан әрi — АТТ) (облыстық, қалалық, 13 аудандық және бiр жастардың) құрылды және жұмыс iстеп жатыр, олар дiн саласындағы мемлекеттiк саясатты түсiндiрумен айналысады. АТТ құрамына дәстүрлi конфессиялар өкiлдерi, жергiлiктi атқарушы орган басшылары, ғалымдар, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, жастар және ардагерлер ұйымдарының көшбасшылары кiрдi. АТТ әдiстемелiк материалмен қамтамасыз етiлген.

2014 жылғы желтоқсаннан бастап Дiн iстерi басқармасының жанынан «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ құрылды. Ағымдағы жылы Орталық жанынан дiни экстремизмнен зардап шеккен құрбандарды оңалту жөнiндегi жаңа бөлiм ашылды. Штатта бөлiм басшысы, психолог, дiнтанушы-консультант.

Орталық сарапшылары қазақ және орыс тiлдерiнде буклеттiң 10 түрiн әзiрледi, соның iшiнде «Жастарға арналған жадынама», туыстары деструктивтi дiни ұйымдарға тартылғандарға арналған «Не iстеу керек?» жадынамасы, Қазақстан Республикасының дiн саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы «Бiлгенiңiз маңызды», тыйым салынған дiни ұйымдар жөнiндегi деректер мен басқа да пайдалы сiлтемелер — «Мұны әркiм бiлуi тиiс!».

ҚР МСМ ДIК ұсыныстарына сәйкес оқыту семинарларын өткiзген кезде теологтар, ғалымдар, дiнтанушылар шақырылады.

КММ сарапшылары өткiзген әлеуметтiк зерттеу деректерi бойынша солтүстiкқазақстандықтардың көбi (80,8%) конфессияаралық қарым-қатынастарға ынтымақтас деген баға бердi, (94%) дiн саласындағы мемлекеттiк саясатты қолдайды.

Мемлекеттiк органдар мен дiни конфессиялардың диалогы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес арқылы жүзеге асырылады. Кеңестiң мемлекет пен дiннiң өзара қарым-қатынасы мәселелерi жөнiндегi отырыстары тоқсан сайын өткiзiледi. Облыстық, республикалық конференциялар, облыстың барлық 10 дiни конфессиясы өкiлдерiнiң қатысуымен кездесулер өткiзу тәжiрибеге ендi. Дiни бiрлестiктер руханилықты, азаматтық қоғамды нығайтуға, қоғамда бейбiтшiлiк пен келiсiмдi сақтауға елеулi үлес қосады.

СҚО аумағындағы дiни ахуал тұрақты, дiни негiзде жанжалдар атап өтiлмедi.

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша дiни бiрлестiктер мен филиалдар пайдаланатын дiни ғимараттар және басқа да ғимараттар мен үй-жайлар туралы 2017 жылғы I тоқсандағы мәлiметтер Doc (240 Kb)

Солтүстiк Қазақстан облысындағы дiни ахуал туралы 2016 жылғы I тоқсандағы анықтама

Солтүстiк Қазақстан облысындағы дiни ахуал тұрақты күйiнде қалуда.

Дiн iстерi басқармасының (бұдан әрi — Басқарма) және «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ (бұдан әрi — Орталық) қызметi МСМ ДIК ұсыныстарына, жылдық жұмыс жоспарына, ТҚК хаттамалық шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылды.

Облыстың дiндар халқының 41%-ы исламға сенедi, 52%-ы православие, 6%-ы католиктер, 1%-ы протестанттар. Дiндарлар санына қарай дәстүр бойынша мұсылмандардың және православ христиандардың дiни бiрлестiктерi көш басында, оларға облыс дiндарларының 90%-ынан астамы кiредi.

Өңiрде буддизмнiң, иудаизмнiң, армян апостол шiркеуiнiң, константинополь православ шiркеуiнiң, грек-католик шiркеуiнiң дiни бiрлестiктерi жоқ.

Облыста 135 дiни бiрлестiк қызмет атқарады. 170 дiни ғимарат жұмыс iстеп тұр. Қазiргi таңда 13 дiни ғимарат, соның iшiнде 6 мешiт пен 7 православ храмы салынып жатыр.

«Қызылжар» орталық мешiтiнiң жанында араб тiлiн, исламның тарихын оқытатын тұрақты жұмыс iстейтiн курс (25 адам) жұмыс iстеп тұр. Петропавл қаласында және облыс аудандарында православ храмдарының жанында Жексенбiлiк мектептер жұмыс iстейдi, онда 10-15 адамнан оқып жатыр.

Бiрiншi тоқсан iшiнде облыстың жергiлiктi дiни бiрлестiктерiнiң 62 құлшылығы мен iс-шарасына қатысу жүргiзiлдi.

Дәстүрлi конфессияаралық диалогты нығайтудағы белсендi рөлi көзге түсуде, бұл дәстүрлi конфессиялардың қатысуымен өткiзiлетiн iс-шаралар санының артуынан көрiнедi. Олардың арасындағы ең маңыздылары — Мәулiт, Наурыз мейрамы, Рождество, С. Мұқанов атындағы облыстық кiтапханадағы дiни кiтаптар көрмесi, католик Пасхасы.

Есептi кезең iшiнде дiни негiздегi жанжалдар тiркелмеген, прокуратура органдарына дiни қарым-қатынастар негiзiнде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу туралы өтiнiш келiп түспедi.

2016 жылғы наурыздың 1-iнен бастап 30-ын қоса облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар баспа және электрондық БАҚ-та дiни сала мәселелерiнiң жария етiлуiне мониторинг жүргiзiлдi. 99 баспа және электрондық БАҚ зерттелдi, оларда 243 материал жарық көрген, олардан: облыстық БАҚ-та — 82, қалалық — 52, аудандық — 75, электрондық — 34.

Материалдардың негiзгi бағыты: конфессияаралық келiсiмдi насихаттау — 183, дәстүрлi конфессияларды насихаттау — 27, дiни экстремизмнiң алдын алу — 33.

Облыста дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келiсiм үлгiсiн дәрiптеу жөнiнде 160 ақпараттық-түсiндiру iс-шарасы ақпараттық буклеттер тарата отырып («Жастарға арналған жадынама», «НЕ IСТЕУ КЕРЕК?», «Бiлген маңызды», «Мұны әркiм бiлуi тиiс!»), бейнеөнiм көрсетiлiп өткiзiлдi. Олардың 145-i кездесу, 13-i семинар-тренинг, 2-еуi дөңгелек үстел. 6057 адам қамтылды.

Әлеуметтiк-демографиялық бөлiнiсiнде iс-шаралардың едәуiр бөлiгi жастармен өткiзiлдi — 124 (5453 мың адам қамтылды), сондай-ақ күш және құқық қорғау құрылымдары қызметкерлерiмен — 12 (245 адам), мемлекеттiк қызметшiлермен және АТТ мүшелерiмен — 6 (250 адам қамтылды), еңбек ұжымдарымен — 8 (116 адам қамтылды), тұрғындармен — 10 (320 адам қамтылды).

«Серпiн 2050» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша бiлiм алып жатқан және оңтүстiк облыстардан келген М. Қозыбаев ат. СҚМУ студенттерiмен және колледж оқушыларымен жұмыс жасауға баса назар аударылды. Ағымдағы жылғы ақпанның 8-iнен бастап 19-ын қоса Орталық қызметкерлерi Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының өкiлдерiмен бiрге студенттермен дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алу жөнiнде 28 кездесу өткiздi, 27 факультеттен 50 топ қамтылды, 600-ден астам адам қатысты.

А.ж. 20 қаңтардан бастап 3 наурызды қоса Петропавл қаласының қорғаныс iстерi департаментiнде әскерге шақырылатын жастармен 19 кездесу өткiзiлдi, онда «Адасу жолдары» және «Алля Аят», «Ата Жол» және басқа да деректi фильмдер көрсетiлдi.

ҚIIБ базасында учаскелiк полиция инспекторларымен дiни экстремизм мен терроризмнiң, дестрiктивтi дiни ұымдар қызметiнiң алдын алу жөнiнде семинар-тренинг өткiзiлдi, оған 32 адам қатысты.

14 наурызда Өңiрлiк оқыту орталығында облыс аудандарының және Петропавл қаласының мемлекеттiк қызметшiлерiне сабақ өткiзiлдi.

А.ж. ақпан-наурызда басқарманың және Орталықтың қызметкерлерi ҚМДБ өкiлдерi — «Нұр» қалалық мешiтiнiң бас имамы А. Жапышевпен, облыстық «Қызылжар» орталық мешiтiнiң ұстазы Х. Әдiлбековпен бiрге М. Қозыбаев ат. СҚМУ факультеттерi студенттерiмен, Петропавл қаласындағы қорғаныс iстерi басқармасындағы әскерге шақырылатындармен, № 20, № 40 ОМ жоғары сынып оқушыларымен, дарынды балаларға арналған қазақ-түрiк мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларымен, Ақжар және Есiл аудандарының ауыл шаруашылығы колледждерiнiң оқушыларымен, кәсiптiк-педагогикалық, темiржол, ауыл шаруашылығы, гуманитарлық, медициналық колледждер мен Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжiнiң оқушыларымен кездесулер өткiздi.

2015 жылғы 31 наурыздағы Орталық пен «Өрлеу» бiлiктiлiктi арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы арасындағы меморандумға сәйкес Орталық қызметкерлерi мемлекеттiк қызметшiлердi мемлекеттiк және орыс тiлiнде оқытуға үш мәрте қатысты.

Тоқсан iшiнде құқыққа қайшы контентi бар Интернет сайттарын табу үшiн Интернетке мониторинг жүргiзiлдi. 169-дан астам сайт қаралды. Құқыққа қайшы контент табылмады.

Есептi кезең iшiнде тұрғындарға 2 әлеуметтiк зерттеу жүргiзiлдi.

«Солтүстiк Қазақстан облысындағы дiни ахуал мониторингi» зерттеуiнiң мәлiметтерi бойынша солтүстiкқазақстандықтардың басым бөлiгi өзiн белгiлi бiр дiни сенiмге жатқызады (91,5%). Дiнге сенушiлер пайызы жоғары болғанына қарамастан, солтүстiкқзақстандықтардың көбi (69,2%) iс жүзiнде дiни өмiрге араласпайтынын атап өттi.

Дiнге берiлушiлiк деңгейiн анықтау үшiн зерттеуге қатысқан респонденттерге дiни практика туралы сауалдар қойылды. Осылайша, облыс дiндарларының едәуiр бөлiгi «жылына бiрнеше рет» дiни ғимараттарға барады (44,4%). Iс жүзiнде әр тоғызыншы адам «айына бiрнеше рет» дiни ғимараттарға барып тұрады (11,6%). «Аптасына бiрнеше рет» және «күн сайын» дiни ғимараттарға барып тұратын респонденттер пайызы 2,2 және тиiсiнше 0,8 құрады. Дiни өмiр жөнiндегi сауалдар блогына жүргiзiлген талдау Солтүстiк Қазақстан облысы тұрғындарының дiндарлығы «орташа» екенiн дәлелдедi. Дiндi ұстанатындар пайызы дәлсiздiктi ескере отырып 10-11%-ды құрайды.

Солтүстiк Қазақстан облысының дiнбасылары тұрғындарының арасына құрметке ие. Жүргiзiлген сауалнама деректерi бойынша, солтүстiкқазақстандықтардың 89,8% дiнбасылардың бәрiне немесе көбiсiне құрметпен әрi iзетпен қарайды. Терiс баға беру үлесi 1%-дан аспайды.

Солтүстiк Қазақстан облысындағы 2015 жылғы дiни ахуал туралы анықтама

Облыста 134 дiни бiрлестiк бар. 170 дiни ғимарат жұмыс iстеп тұр, 2015 жылы дiни ғимараттар саны Айыртау ауданындағы Қарасай батыр ауылында салынған жаңа мешiт есебiнен 1 бiрлiкке артты.

Облыстың дiндар халқының 41%-ы исламға сенедi, 52%-ы православ, 6% католик, 1%-ы протестант. Дiндарлар санына қарай дәстүр бойынша мұсылман және православ христиандары көш басында, оларға облыстағы дiндарлардың 90%-дан астамы кiредi.

«Қызылжар» орталық мешiтiнiң жанынан араб тiлiн, ислам тарихын зерделейтiн тұрақты курс (25 адам) жұмыс iстейдi. Петропавл қаласында және облыс аудандарында православ храмдарының жанынан жексенбiлiк мектептер жұмыс iстейдi, онда 10-15 адамнан оқиды.

Мемлекеттiк органдар дiни бiрлестiктермен тығыз өзара iс-қимылды жүзеге асыруда. Дәстүрлi конфессиялардың конфессияаралық диалогты нығайтудағы рөлiнiң артуы көзге түстi, бұл өткiзiлетiн iс-шаралар санының артуынан көрiнедi. 2013 жылы олар 49 мың адамды қамтыған 10 iс-шара өткiзген болатын, 2015 жылы 100 мыңнан астам адамды қамтыған 40 iрi iс-шара. Атқарушы органдар Ораза айт, Құрбан айт, Мәулiт, Христос Рождествосы, Пасха, Шоқыну, шоқыну жорығы тәрiздi дiни iс-шаралардың ұйымдасқан түрде өтуiне және соған дайындалуға көмек көрсетуде.

Дәстүрлi конфессиялардың басшылары облыс әкiмдiгi жанындағы консультативтiк-кеңес органы ретiндегi Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес мүшелерi болып табылады. Мемлекеттiк органдардың басшыларымен қатар мұнда дiни және қоғамдық бiрлестiктердiң басшылары өңiрдегi конфессияаралық диалогты нығайту мен дамытуы жөнiнде есеп бередi.

Дәстүрлi дiни конфессиялар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуiнiң саны артты. 2013 жылы 10 сөз сөйлеу болған, 2015 жылы саны 38-ге дейiн өстi.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының шеңберiнде облыста дәстүрлi конфессиялар басшыларының қатысуымен 2 республикалық бейнеконференция өткiзiлдi.

Әлеуметтiк зерттеу нәтижесiне сай халықтың 84,8% облыс дiндарларына құрметпен қарайды, тұрғындардың 92,3% елiмiз бен облысымыздағы дiни ахуал мен конфессияаралық қарым-қатынастарға оң бағасын бердi. Өңiр тұрғындарының 94% мемлекет жүргiзiп отырған тағаттылық және конфессияаралық келiсiм саясатын қолдайды.

Қазiргi таңда облыста 12 ғибадат ғимараты салынуда, соның iшiнде 6 мешiт және 6 православ храмы.

Дiни бiрлестiктердiң қызметiн қаржыландыру мүшелерден алынған ерiктi түсiм, ерiктi мүлiктiк жарна мен жамағатының садақалары, дiни мазмұндағы заттар, дiни әдебиет таратуға байланысты садақалар, әртүрлi дiни iс-шаралар өткiзуден алынған түсiм есебiнен жүзеге асырылады. Дәстүрлi емес конфессиялар мен деноминациялар дiни бiрлестiктерi де шетелден қайырымдылық көмек алып тұрады.

Есептi кезең iшiнде дiни негiзде жанжал тiркелмеген, прокуратура органдарына дiни қарым-қатынастар негiзiнде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылғаны туралы жүгiнгендер жоқ.

Тұңғыш рет облыста дiн iстерi басқармасының бастамасы бойынша мемлекеттiк-конфессионалдық және конфессияаралық өзара iс-қимылды нығайтуға арналған жаңа диалог алаңы — Дiни бiрлестiктер көшбасшыларының клубы құрылды және жұмыс iстеп тұр. 2015 жылғы 15 қарашада Клубтың тұңғыш ұйымдық отырысы өткiзiлдi, оған 9 дiни бiрлестiктердiң басшылары қатысты. Иегова куәгерлерiнiң басшылары бейтараптық қағидасына сүйенiп, Клуб жұмысына қатысудан бас тартты.

1. Дiни бiрлестiктердiң қызметi

Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының (бұдан әрi — ҚМДБ) қызметi. Бүгiнгi күнi Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының 66 филиалында 111 имам, молда, азаншы жұмыс iстейдi, соның iшiнде жоғары дiни бiлiмдiсi — 9, жоғары дүнияуи — 5, орта дiни — 15, орта дүнияуи — 12, Алматы қаласындағы ҚМДБ жанынан және облыстық орталық мешiтiнiң жанында бiлiктiлiктi арттыру курстарында оқығандар — 70. 2013 жылдан бастап 2015 жылды қоса Меккеге қажылыққа барған дiндарлар саны өзгерiссiз қалды — жылына 9-10 адам. 2015 жылы шамамен 50 000 адамды қамтыған 21 iрi iс-шара өткiзiлдi.

Қазақстанның Православ Шiркеуiнiң (бұдан әрi — ҚПШ) қызметi

31 православ приходында 25 дiни қызметшi қызметiн жүзеге асырады, олардың 10-ының жоғары дiни бiлiмi бар.

2015 жылы православ шiркеуi өз қызметiн 2014 жылмен салыстырғанда қарқындатты, шамамен 70 000 адамды қамтыған 14 iрi iс-шара өткiзiлдi.

Рим-католик шiркеуiнiң (бұдан әрi — РКШ) қызметi

Петропавл деканатында 11 жергiлiктi дiни бiрлестiк жұмыс жасап жатыр, олар Қазақстанның Католик шiркеуiнiң канондық құрылымы — Астанадағы Әулие Мәриям Архиепархиясына кiредi.

Рим-католик шiркеуi қауымының 44 костелы бар. Рим-католик қауымдарының дiни ғимараттармен қамтылу деңгейi шамамен 97% құрайды. 11 рим-католик приходында 8 настоятель, 3 викарлы көмекшi, 3 дiни қызметшi, 24 монах әйел қызметiн жүзеге асыруда. Барлық дiни қызметшiлердiң жоғары дiни бiлiмi бар. 2015 жылы шамамен 10 000 адам қамтыған 5 iрi iс-шара өткiзiлдi.

Өзге конфессиялар мен дiни бiрлестiктер

Дәстүрлi дiндермен қатар өңiрде дәстүрлi емес конфессиялар мен деноминациялардың дiни бiрлестiктерi өз қызметiн қарқынды жүзеге асыруда. Облыста 26 протестанттық, соның iшiнде дәстүрлi-протестанттық және дәстүрлi емес-протестанттық дiни бiрлестiк тiркелген. Дiндарлардың иелiгiнде 28 дiни ғимарат бар.

2015 жылы протестанттық дiни бiрлестiктер 1500 адам қамтыған 5 iрi iс-шара өткiздi.

Дiни бiрлестiктердiң көбiсi жұртшылықты өз қызметiне тартумен белсене айналысуда. Қолданылатын әдiстеме ауқымы айтарлықтай кең — СNL спутник телеарнасы, шетелде шығарылатын дiни әдебиеттi тарату, жеке жұмыс, жастарды тарта отырып мәдени-ағартушылық iс-шаралар жүргiзу.

2. Миссионерлiк қызметтiң жай-күйi

Облыс аумағында 46 миссионер тiркелген, соның iшiнде Рим-католик приходтарында 44 азамат миссионерлiк қызметiн жүзеге асырады: Польша — 31, Қазақстан Республикасы — 5, Австрия — 3, Беларусь Республикасы — 2, Швейцария — 1, Ресей — 2.

3. Дiни әдебиет таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайлардың қызметi

2015 жылы дiни әдебиет таратуға арналған үй-жайлар саны 8 бiрлiктi құрады. 2014 жылмен салыстырғанда 5 бiрлiкке артты.

4. Жүргiзiлген ақпараттық-түсiндiру жұмысының нәтижесi

Облыстың 16 ақпараттық-түсiндiру тобы, «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ, «Конфессияаралық және этносаралық қарым-қатынастарды зерттеу орталығы» ҚБ жүргiзген түсiндiру жұмысының нәтижесiнде (70 мыңнан астам адамды қамтыған 600-ден астам түрлi форматтағы iс-шаралар) облыс халқының көпшiлiгi (93,6%) мемлекет жүргiзiп жатқан тағаттылық және конфессияаралық келiсiм саясатын қолдайды.

Облыс тұрғындарының 57%-дан астамы дiни мәселелер жөнiндегi ақпараттық-түсiндiру топтарының қызметi туралы хабардар.

Солтүстiкқазақстандықтардың көпшiлiгi (80,8%) конфессияаралық қарым-қатынастарды тату деп бағалайды.

АТТ iс-шараларына қатысқан респонденттердiң 92,7% олардың қызметiн «тиiмдi» немесе «дұрысы тиiмдi» деп бағалады.

Дiндар жастар арасында шетелдiк теологиялық оқу орындарына оқуға бару процесiн реттеу жөнiндегi түсiндiру жұмысы ұдайы жүргiзiледi, бұл ретте басқарма қызметi жастарды, олардың ата-аналарын оқуға ұсынылмайтын, шетелдiк күмәндi теологиялық оқу орындарында бiлiм алу ниетiнен айнытуға, алдын алуға бағытталған.

Сонымен бiрге дiндар жастармен ақпараттық-түсiндiру жұмысын мұсылман дiни қызметшiлер де жүргiзедi. Кездесулер мен әңгiмелесулер барысында олар жастарды отандық («Нұр Мүбәрак» университетi, медресе), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi Дiн iстерi комитетi меморандум жасасқан теологиялық оқу орындарында бiлiм алуға бағыттайды.

4 дiни бiрлестiктiң меншiктi сайттары бар — «Қызылжар» орталық мешiтi, Петропавл және Булаев епархиясы, «Святая Троица» рим-католик приходы, «Иегова куәгерлерi» ЖПДБ.

35 облыстық және аудандық БАҚ-та, сондай-ақ 3 өңiрлiк телеарнада дiни тақырыптағы айдарлар ашылды және жұмыс iстеп тұр. Конфессияаралық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған 869 мақала жарияланды (салыстыру үшiн 2013 жылы — 95 жарияланым, 2014 жылы — 145). Жарияланымдардың көбеюi ҚР МСМ ДIК жолдаған материалдар есебiнен, сондай-ақ 2015 жылғы уақиғалар тiзбегiнен болды.

5. Дiн мәселелерi жөнiндегi коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң (КММ) және Деструктивтi дiни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарының жұмысы

Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының дiни экстремизмнен зардап шеккен құрбандарды оңалту бөлiмi жүгiнген 9 азаматқа консультациялық және құқықтық көмек көрсеттi.

6. Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң жұмысы туралы

Облыс әкiмдiгiнiң жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң 4 отырысы өткiзiлдi. Тимирязев, Жамбыл, Аққайың, Мамлют аудандарының және Петропавл қаласы әкiмiнiң 5 орынбасарының Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестердiң жұмысы туралы, дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алу жөнiндегi АНТ жұмысы туралы; Қазақстан халқы Ассамблеясы секретариаты меңгерушiсiнiң Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлтаралық және конфессияаралық келiсiмдi нығайтудағы рөлi туралы; 3 мемлекеттiк органның басшысы облыс жастарын жаппай спортқа тарту, салауатты өмiр салтын насихаттау, ауыл тұрғындарын мәдени-бұқаралық iс-шараларға тарту бойынша жұмысы туралы; 1 колледж басшысы оқушылар арасында дiни радикализмнiң ықпалына қарсы iс-қимыл жөнiндегi оқу-тәрбиелеу жұмысының жағдайы туралы; 3 дiни бiрлестiк басшысының (Петропавл және Булаев епархиясының, «Евангелиелiк христиан-баптистер шiркеуi» ЖДБ, Жаңа апостол шiркеуiнiң қызметi туралы) ақпараты тыңдалды.

04.05.2017 14:30

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімE-islamҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Яндекс.Метрика