Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Басқарма туралы ереже

Басқарма туралы ереже

Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң
2016 жылғы «24» қазанындағы
№ 406 қаулысымен
бекiтiлдi

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
дiн iстерi басқармасы»
коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы
ЕРЕЖЕ

Петропавл қаласы

1. Жалпы ережелер

1.1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дiн iстерi басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма) Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында дiн саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

1.2. Басқарма өз қызметiнде Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiне (бұдан әрi — Әкiмдiк) бағынады және есеп бередi.

1.3. Басқарма өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конститутциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзгеде нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.4. Басқарма мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық астыру — құқықтық нысаныңдағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөр таңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органында шоты бар.

1.5. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

1.6. Басқарма заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабына уәкiлеттi болса, онда оның оған құқығы бар.

1.7. Басқарма өз құзыретi шегiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiпте басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделеген басқа актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

1.8. Басқарма құрылымы мен штат лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

1.9. Занды тұлғаның орналасқан жерi: 150011, Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к. 58 үй.

1.10. Басқарманың толық атауы:

  • мемлекеттiк тiлде — «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дiн iстерi басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
  • орыс тiлiнде — Коммунальное государственное учреждение «Управление по делам религий акимата Северо — Казахстанской области».

1.11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

1.12. Басқарманың қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

1.13. Басқармаға кәсiпкерлiк субьектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актiлерiмен табыс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар мемлекеттiң бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

1.14. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi Басқарманың құрылтайшы және уәкiлдi органы болып табылады.

1.15. Мемлекеттiк мекеме мемлекеттiк тiркеуден өткен сәтiнен құрылған болып есептеледi және заңды тұлға құқығын иеленедi.

2. Басқарманың миссиясы, негiзгi мақсаттары, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

2.1. Басқарманың миссиясы дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру болып табылады.

2.2. Басқарманың негiзгi мақсаттары:

1) азаматтардың дiни сенiм бостандығына және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасауға, құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыру мен iске асыру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

2) азаматтардың дiни сенiм бостандығына, дiни бiрлестiктердiң және миссионерлердiң қызметiне құқықтарын iске асыру саласында болып жатқан үдерiстердi жан-жақты және объективтi зерделеу, қорытындылау және талдау;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен Басқармаға жүктелген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру болып табылады.

2.3. Басқарманың қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген мақсаттарға сәйкес келесi функцияларды жүзеге асырады:

1) өңiрдегi дiни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргiзедi;

2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

3) дiни қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

5) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарайды;

6) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша жергiлiктi деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

7) дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiтедi, сондай-ақ ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде дiни iс-шаралар өткiзуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келiседi;

8) ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм қабылдайды;

9) дiни бiрлестiктердi құруға бастамашы азаматтардың тiзiмдерiне тексеру жүргiзудi қамтамасыз етедi;

10) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамдарды тiркеудi жүргiзедi;

11) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2.4.Басқарманың өзiне жүктелген мақсаттарды, мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:

  • мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұрауға және алуға;
  • дiни бiрлестiктердi құру және олардың қызметi, сондай-ақ азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу бойынша ұсыныстар енгiзуге;
  • өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасауға;
  • Басқарманың құзiретiне кiретiн мәселелер бойынша мәжiлiстер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткiзуге;
  • қызметтiң бағыттары бойынша консультативтiк-кеңесшi органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құруға;
  • Қазақстан Республикасы заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Басқарманың қызметiн ұйымдастыру

3.1. Басқарманы басқаруды басқармаға жүктелген мiндеттердi орындау және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн дербес жауапкершiлiк ұстайтын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

3.2. Басқарманың басшысы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң өкiмiмен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

3.3. Басқарма басшының өкiлеттiгi:

1) Әкiмдiкке басқарма құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi;

2) Басқарма қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және босатады;

3) заңнамада белгiленген тәртiпте Басқарма қызметкерлерiн көтермелеу, және тәртiптiк жазалауды жүзеге асырады;

4) ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарымен тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiгi туралы заңнаманы сақтауды қамтамасыз етедi;

5) өз құзыретi шегiнде басқарма кызметкерлерi орындау үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, қызметтiк құжаттарға қол қояды;

6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдарға Басқарманы ұсынады;

7) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;

8) Басқарма жұмысының регламентiн бекiтедi;

9) Басқарма құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша есептiк материалдарды дайындау жөнiндегi жұмыстарды бақылайды;

10) Басқарманың Жұмыс жоспарын iске асыру барысын үйлестiредi;

11) белгiленген тәртiппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтерi мәселелерiн шешедi, бюджеттiк қаражаттардың тиiмдi және мақсатты орындалуын бақылайды;

12) басқарма қызметiндегi заңдылықтың шарттық және қаржылық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етедi;

13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдаған үшiн дербес жауапты болады;

14) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа өкiлдiктердi жүзеге асырады;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқада мiндеттемелерiн атқарады.

3.4. Басқарманың бiрiншi басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiктерiн орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Басқарманың мүлкi

4.1. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

Басқарманың мүлкi оған уәкiлеттi орган берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

4.2. Басқармада бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

4.3. Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлiнген қаражат есебiнен алынған мүлiктi, егер Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгiленбесе, өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

5.1. Басқарманы қайта ұйымдастыру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5.2. Басқарманың мүлкiн таратылғаннан кейiн бөлу тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5.3. Басқарманың Ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5.4. Басқарманың филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.

6. Басқармадағы жұмыс тәртiбi және өзара қарым-қатынас

6.1. Басқарма мен уәкiлеттi органның арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады және реттеледi.

6.2. Басқарманың басшылығы мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

6.3. Басқарманың жұмыс уақыты 9:00-ден 18:30-ға дейiн, аптасына бес күн, демалыс күндерi кестеге сәйкес, түскi үзiлiс — 13.00-ден 14.30-ға дейiн.

13.01.2017 15:38

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімE-islamҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Яндекс.Метрика